2021: ӨңірлерC

2021: Өңірлердегі әкімдер сайлауы. LIVE


Қазақстанда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда дауыс беру аяқталды.
Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де еліміздің 14 өңірінде сайлау учаскелерінің жұмысы аяқталды.
19:50 
Түркістан облысында сайлаушылардың 70 %-ы дауыс берді
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 70 %-ы дауыс берген. Олардың жалпы саны– 185 264 адам.
Атап айтқанда, Арыс қаласында – 7 876 (75%), Кентау қаласында – 6 540 (77%), Бәйдібек ауданында – 2 673 (68%), Жетісай ауданында – 19 177 (71%), Қазығұрт ауданында – 12 575 (63%), Келес ауданында – 21 475 (70%), Мақтаарал ауданында – 11 404 (68%), Ордабасы ауданында – 5 504 (74%), Отырар ауданында – 9 301 (72%), Сайрам ауданында – 12 056 (74%), Сарыағаш ауданында – 37 284 – (69%), Сауран ауданында – 6 751 (83%), Созақ ауданында – 12 555 (72%), Төлеби ауданында – 13 423 (60%), Түлкібас ауданында – 5 740 (66%), Шардара ауданында – 930 (73%) сайлаушы дауыс берді.
19:14 БҚО бойынша мәлімет
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 25 шілдедегі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 69,2% алды.
Соның ішінде: Ақжайық ауданы – 77,9%; Бәйтерек ауданы – 83,3%; Бөрлі ауданы – 68,1%; Бөкей ордасы ауданы – 77,4%; Жаңақала ауданы – 68,7%; Казталов ауданы – 76,1%; Қаратөбе ауданы – 68,9%; Сырым ауданы – 82,4%; Теректі ауданы – 56,4%;
19:09 Әкімдер сайлауы. Өңірлер бойынша жалпы ақпарат  
Жергілікті сайлау комиссиялары сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 14 өңірдегі дауыс беру бюллетенін алған сайлаушылардың саны туралы мәлімет жариялады
Қазіргі сәтте келген ақпараттар бойынша белсенділік тізгіні Жамбыл облысынан Шығыс Қазақстан облысына өткен. Бұл өңірде сайлаушылардың 85,4 пайызы дауыс беруге келген. Ақмола обысында дауыс берушілердің 63,5 пайызы, Ақтөбе облысында – 69,8 пайыз, Алматы обылсында – 66,3 пайыз, Атырау облысында – 71 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында – 85,4 пайыз, Жамбыл облысында – 84,1 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 69,2 пайыз, Қарағанды облысында – 67,3 пайыз, Қостанай облысында – 81 пайыз, Қызылорда облысында – 71,7 пайыз, Маңғыстау облысында – 64,2 пайыз, Павлодар облысында – 70,9 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысындаа – 80,2 пайыз, Түркістан облысында – 69,9 пайыз сайлаушылар сағат 18.00-ге дейін дауыс берген.
19:03 Ақмола облысы. Кез келген ауыл тұрғыны өз жерін дамытуға көбірек мүдделі
 Бурабай ауданының Қатаркөл ауылдық округінде үш сайлау учаскесі бар. Олардың екеуі Қатаркөл ауылында орналасқан.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Айжамал Абдрахманова сайлау барысында ешқандай бұзушылық жоқ екенін атап өтті.
362 сайлау учаскесінде 1436 сайлаушы тіркелген. Үшінші сайлау округі Сосновка ауылында ұйымдастырылған. 50-ден астам адам ғана тұратын Вишневое ауылында сайлау комиссиясының мүшелері түстен кейін портативті жәшікпен барды. Сайлаушылардан өтініштер дауыс беру күні қарсаңында түсті. Ключевое ауылының бірнеше сайлаушысы сайлау учаскесіне өздері келеді, - деп атап өтті Айжамал Абдрахманова.
18:47 Ақтөбе облысы бойынша мәлімет
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 25 шілдедегі сағат 17:30-дағы жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 69,77% алды. 
Олардың ішінде: Әйтеке би - 68,09 % Алға - 78,22 % Байғанин - 66,46 % Ырғыз - 66,77 % Қарғалы - 84,27 % Мәртөк - 77,67 % Мұғалжар - 74,02 % Темір - 50,64 % Ойыл - 88,99 % Қобда - 77,06 % Хромтау - 72,88 % Шалқар - 79,13 %
18:28 Ақмола облысында алғаш рет дауыс берушілер мен туған күн иелеріне сыйлық берілді
Келтірілген мәліметтерге сәйкес, Егіндікөл ауданында сайлаушылардың 82% - ы дауыс берген.
Жалпы облыс бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 59%-ы дауыс берді.
Біздің облыс бойынша сайлаушылар саны 100 111, алынған бюллетеньдер саны – 8 826. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 59%-ыы алды. Оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша – 82%, Степногорск – 52%, Ақкөл ауданы бойынша – 78%, Аршалы – 47%, Астрахань – 57%, Атбасар-67%, Біржан сал ауданы бойынша - 73%, Бұланды – 66%, Бурабай – 68%, Егіндікөл – 82%, Ерейментау – 45%, Есіл – 71%, Жақсы – 63% Жарқайың – 59%, Зеренді - 60%, Қорғалжын – 58%, Сандықтау – 76%, Целиноград – 59%, Шортанды – 64%, - деп хабарлады Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.
18:18 Қызылорда облысында сайлаушылардың 71,7 % дауыс берді
 
Қызылорда облысы бойынша жергілікті уақыт сағат 17.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 25 873 - 71.7% құрап отыр. 
Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 6251 – 78.0 %.
Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 2055 – 76.9%
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1786 – 52.4%
Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2601 – 72.3%
Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 2010 – 71.6%
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 3035–71.8 %
Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 8135 – 71,7 %
18:05 
ШҚО-да сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың жалпы санының 80 пайыздан астамы дауыс берді.
«Ауылдық округтер бойынша айтар болсақ, Семей өңіріндегі ауылдық округтерде келу көрсеткіші 86 пайыз, Абай ауданы бойынша – 88 пайыз, Аягөз ауданында – 78 пайыз, Бесқарағай ауданында – 91 пайыз, Бородулиха ауданында – 66,5 пайыз, Жарма ауданында 85 пайыз, Катонқарағай ауданында – 77 пайыз, Зайсан ауданында – 89 пайыз, Көкпекті ауданында – 75 пайыз, Күршім ауданында – 79 пайыз, Тарбағатай ауданында - 82 пайыз, Ұлан ауданында– 86 пайыз, Үржар ауданында – 79 пайыз және Шемонаиха ауданы бойынша – 70 пайыз. 
Жалпы, ауылдық округтердің тұрғындары сайлау процесінде белсенділік танытуда. Олар жерлестерін сайлауға қатысуға және жарқын болашаққа үлес қосуға шақыруда» делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
17:56 
Бүгін Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылдық округіне жаңа әкім сайланады
Науқанды өткізу үшін елді мекенде 4 сайлау бөлімшесі жасақталған. Ақмол ауылы Ақмола облысына қарағанымен Елордадан қашық емес. Арасы Шамамен 30 шақырымдай.  
Целиноград ауданының орталығы саналады. 12 мыңнан астам тұрғыны бар. Оның 6 мыңдайы кәмелеттік жасқа толған, яғни дауыс беруге құқығы бар азаматтар. Дәл солар бүгін ауылды алдағы төрт жыл бойы басқаратын әкімді таңдайды. Тұрғындар үшін төрт сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Барлығы таңғы сағат жетіде әнұранды шырқатып, ресми түрде ашылды. Іле шала алғашқы дауыс берушілер де келді. Әкім болуға үш үміткер тіркелген. Үшеуі де осы ауылдың тұрғыны.
17:35 
Сайлаушыларға жағдай жасалуда
Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан саяси науқанда денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын тұрғындарға да барлық жағдай жасалуда. 
Күні бұрын жолданған өтінімдерге сәйкес жасалған тізіммен сайлау комиссиясының мүшелері үйлерді аралап, учаскеге келе алмайтындардан дауыс жинауда. Айта кетейік, Ақжайық ауданы бойынша - 242, Бәйтерек ауданынан - 113, Жаңақаладан - 296, Қаратөбеден 135 адам үйден дауыс беруге жазылған.
17:15 СҚО-да сағат 16-00-ге дейін тіркелген сайлаушылардың 70,71 пайызы дауыс берді
Облыстың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, халықтың белсенділігі жоғары. Әсіресе Уәлиханов ауданында дауыс берушілердің 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Ең азы Тайынша ауданында. Мұндағы жұрттың әзірге 53 пайызы ғана келген. Облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша 218 елді мекендегі 60 мыңнан астам адам дауыс беруі тиіс. 
17:10 ШҚО. С
«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жергілікті өкілдері әкімдер сайлауында заңбұзушылық тіркелмегенін айтып жатыр.
Бүгін ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Барлық ауылда емес, тек әкімдердің өкілеттігі аяқталған ауылдарда ғана. Ал біз байқаушылардың жұмысын ұйымдастырдық. Байқаушыларды неғұрлым жергілікті тұрғындар арасынан тарттық. Олар бүгін байқаушы болғанымен, ертең сол ауылда қарапайым тұрғын ретінде өмір сүреді. Сондықтан сайлаудың бұрмалаусыз өтуіне мүдделі, - деп жазды Партиялық емес байқау орталығы ШҚО филиалының төрағасы Аяужан Әшімова
17:07 Қарағанды облысы бойынша мәлімет 
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63 % алды.
17:01 Қостанай облысы бойынша мәліметСайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 77,0 %-ы бюллетен алды.
Олардың ішінде: Алтынсарин — 69,0 Амангелді — 73,3 Әулиекөл — 75,5 Денисов — 73,8 Жангелдин — 74,1 Жітіқара — 72,5 Қамысты — 72,3 Қарабалық — 73,9 Қарасу — 81,5  Қостанай — 75,1  Меңдіқара — 80,9 Науырзым — 73,1 Сарыкөл — 79,4  Б.Майлин ауданы — 70,5  Ұзынкөл — 78,3  Федоров — 82,9 Арқалық қ. — 74,2 Лисаков қ. — 87,0 Рудный қ. — 74,0
16:56 Қызылорда облысы бойынша мәлімет 
Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 36 071, жергілікті уақыт сағат 15:00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 22 792 - 63,2% құрап отыр.
Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 5405 – 67,4 % құрап отыр Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 1811 – 67,8% Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1264 – 37,1% Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2347 – 65,3% Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 1560 – 55,6% Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 2740–64,9 % Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 7665 – 67,6 %
16:52 
Түркістан облысында сайлаушылардың 64%-ы дауыс берді
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 64%-ы дауыс берді. Олардың жалпы саны - 168 605 адам.
Атап айтқанда, Арыс қаласында – 7 488 (72%), Кентау қаласында – 5 755 (68%), Бәйдібек ауданында – 2 562 (65%), Жетісай ауданында – 17 329 (64 %), Қазығұрт ауданында – 12 189 (61%), Келес ауданында – 20 498 (67%), Мақтаарал ауданында – 10 793 (64 %), Ордабасы ауданында – 4 705 (63%), Отырар ауданында – 8 350 (65%), Сайрам ауданында – 10 874 (67%), Сарыағаш ауданында – 33 609 (63%), Сауран ауданында – 6 160 (76%), Созақ ауданында – 10 070 (58%), Төлеби ауданында – 12 119 (55%), Түлкібас ауданында – 5 215 (60%), Шардара ауданында – 889 (70%) азамат дауыс беруге қатысты.
16:47 
Павлодар облысында ауыл әкімдерін сайлау қалай өтуде
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 64 % алды.
Павлодар қаласында:
Орлов ауылдық округі 84
16:40 Қызылорда облысы Арал ауданының Тоқабай ауылында «Сыр бойы», «Толқын» газеттерінің тұрақты авторы, ардагер ұстаз Үргенішбай Қуат дауыс беруге барып, шапан киіп қайтты.
16:36 
БҚО-да барлық сайлау учаскесі қауіпсіздік тұрғысынан тексерілді
Бұл туралы бүгін Өңір�

Related Keywords

Kokpekti , Shyghys Qazaqstan , Kazakhstan , United Kingdom , Zhalagash , Qyzylorda , Aktobe , Aqtökz , Urzhar , Mangistau , Mangghystau , Beyneu , Syrdarya , Kazakhstan General , Akmola , Gorod Astana , Astana , East Kazakhstan , Sairam , Ongtüqazaqstan , Karagandy , Zhanakorgan , Taldykorgan , Almaty , Kyzylorda , Great Britain , , Region Upon Commission , Office Or , District Center , Election Commission , June District , Region District , Board Chairman Omar , Karagandy Region , Commission Chairman , Rural Areas , Mangistau Region , Beyneu District , Mangistau District , Urzhar District , Altai District , District Mayor , Kokpekti District , Shemonaiha District , Turkestan Great Britain , Sairam District , The Evening , Rural Areas District Mayor , The North Kazakhstan Region , The North Kazakhstan , Kyzylorda Great Britain , Island District , English District , Goal District , Zhalagash District , Syrdarya District , Cherry District , Zhanakorgan District , Kyzylorda Region , Constitutional Act , Karagandy Great Britain , Aktobe Region , Election Commission Chairman Gulnara , Election Commission Chairman , Akmola Great Britain , The Region , The Morning , Turkestan Great Britain Sairam District Silk , Districti Kent , Login District , Kostanaiskaya Region District , Kazakhstan Great Britain , The Population , காஸக்ஸ்டாந் , ஒன்றுபட்டது கிஂக்டம் , கோறொத் ஆஸ்தான , ஆஸ்தான , கிழக்கு காஸக்ஸ்டாந் , சாய்ரம் , நன்று பிரிட்டன் , அலுவலகம் அல்லது , மாவட்டம் மையம் , தேர்தல் தரகு , ஜூன் மாவட்டம் , பகுதி மாவட்டம் , தரகு தலைவர் , கிராமப்புற பகுதிகள் , அல்தை மாவட்டம் , மாவட்டம் மேயர் , தி சாயங்காலம் , தீவு மாவட்டம் , ஆங்கிலம் மாவட்டம் , செர்ரி மாவட்டம் , அரசியலமைப்பு நாடகம் , தேர்தல் தரகு தலைவர் , தி பகுதி , தி காலை , தி பாப்யுலேஶந் ,

© 2025 Vimarsana