Сенат төрағасы Сауд Арабиясының елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәулен Әшімбаев Сауд Арабиясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Абдулазиз бен Абдулла әл-Даудты қабылдады. Тараптар кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығы мен парламентаралық байланыстар бойынша өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады. Сенат Спикері Сауд Арабиясы Қазақстанның Таяу Шығыстағы маңызды серіктесінің бірі екенін айтты. Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігерінің арқасында бізді