comparemela.com


Қазақстанда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда дауыс беру аяқталды.
Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметтері бойынша, Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де еліміздің 14 өңірінде сайлау учаскелерінің жұмысы аяқталды.
19:50 
Түркістан облысында сайлаушылардың 70 %-ы дауыс берді
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 70 %-ы дауыс берген. Олардың жалпы саны– 185 264 адам.
Атап айтқанда, Арыс қаласында – 7 876 (75%), Кентау қаласында – 6 540 (77%), Бәйдібек ауданында – 2 673 (68%), Жетісай ауданында – 19 177 (71%), Қазығұрт ауданында – 12 575 (63%), Келес ауданында – 21 475 (70%), Мақтаарал ауданында – 11 404 (68%), Ордабасы ауданында – 5 504 (74%), Отырар ауданында – 9 301 (72%), Сайрам ауданында – 12 056 (74%), Сарыағаш ауданында – 37 284 – (69%), Сауран ауданында – 6 751 (83%), Созақ ауданында – 12 555 (72%), Төлеби ауданында – 13 423 (60%), Түлкібас ауданында – 5 740 (66%), Шардара ауданында – 930 (73%) сайлаушы дауыс берді.
19:14 БҚО бойынша мәлімет
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 25 шілдедегі сағат 17:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 69,2% алды.
Соның ішінде: Ақжайық ауданы – 77,9%; Бәйтерек ауданы – 83,3%; Бөрлі ауданы – 68,1%; Бөкей ордасы ауданы – 77,4%; Жаңақала ауданы – 68,7%; Казталов ауданы – 76,1%; Қаратөбе ауданы – 68,9%; Сырым ауданы – 82,4%; Теректі ауданы – 56,4%;
19:09 Әкімдер сайлауы. Өңірлер бойынша жалпы ақпарат  
Жергілікті сайлау комиссиялары сағат 18.00-дегі жағдай бойынша 14 өңірдегі дауыс беру бюллетенін алған сайлаушылардың саны туралы мәлімет жариялады
Қазіргі сәтте келген ақпараттар бойынша белсенділік тізгіні Жамбыл облысынан Шығыс Қазақстан облысына өткен. Бұл өңірде сайлаушылардың 85,4 пайызы дауыс беруге келген. Ақмола обысында дауыс берушілердің 63,5 пайызы, Ақтөбе облысында – 69,8 пайыз, Алматы обылсында – 66,3 пайыз, Атырау облысында – 71 пайыз, Шығыс Қазақстан облысында – 85,4 пайыз, Жамбыл облысында – 84,1 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 69,2 пайыз, Қарағанды облысында – 67,3 пайыз, Қостанай облысында – 81 пайыз, Қызылорда облысында – 71,7 пайыз, Маңғыстау облысында – 64,2 пайыз, Павлодар облысында – 70,9 пайыз, Солтүстік Қазақстан облысындаа – 80,2 пайыз, Түркістан облысында – 69,9 пайыз сайлаушылар сағат 18.00-ге дейін дауыс берген.
19:03 Ақмола облысы. Кез келген ауыл тұрғыны өз жерін дамытуға көбірек мүдделі
 Бурабай ауданының Қатаркөл ауылдық округінде үш сайлау учаскесі бар. Олардың екеуі Қатаркөл ауылында орналасқан.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Айжамал Абдрахманова сайлау барысында ешқандай бұзушылық жоқ екенін атап өтті.
362 сайлау учаскесінде 1436 сайлаушы тіркелген. Үшінші сайлау округі Сосновка ауылында ұйымдастырылған. 50-ден астам адам ғана тұратын Вишневое ауылында сайлау комиссиясының мүшелері түстен кейін портативті жәшікпен барды. Сайлаушылардан өтініштер дауыс беру күні қарсаңында түсті. Ключевое ауылының бірнеше сайлаушысы сайлау учаскесіне өздері келеді, - деп атап өтті Айжамал Абдрахманова.
18:47 Ақтөбе облысы бойынша мәлімет
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 25 шілдедегі сағат 17:30-дағы жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 69,77% алды. 
Олардың ішінде: Әйтеке би - 68,09 % Алға - 78,22 % Байғанин - 66,46 % Ырғыз - 66,77 % Қарғалы - 84,27 % Мәртөк - 77,67 % Мұғалжар - 74,02 % Темір - 50,64 % Ойыл - 88,99 % Қобда - 77,06 % Хромтау - 72,88 % Шалқар - 79,13 %
18:28 Ақмола облысында алғаш рет дауыс берушілер мен туған күн иелеріне сыйлық берілді
Келтірілген мәліметтерге сәйкес, Егіндікөл ауданында сайлаушылардың 82% - ы дауыс берген.
Жалпы облыс бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 59%-ы дауыс берді.
Біздің облыс бойынша сайлаушылар саны 100 111, алынған бюллетеньдер саны – 8 826. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 59%-ыы алды. Оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша – 82%, Степногорск – 52%, Ақкөл ауданы бойынша – 78%, Аршалы – 47%, Астрахань – 57%, Атбасар-67%, Біржан сал ауданы бойынша - 73%, Бұланды – 66%, Бурабай – 68%, Егіндікөл – 82%, Ерейментау – 45%, Есіл – 71%, Жақсы – 63% Жарқайың – 59%, Зеренді - 60%, Қорғалжын – 58%, Сандықтау – 76%, Целиноград – 59%, Шортанды – 64%, - деп хабарлады Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов.
18:18 Қызылорда облысында сайлаушылардың 71,7 % дауыс берді
 
Қызылорда облысы бойынша жергілікті уақыт сағат 17.00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 25 873 - 71.7% құрап отыр. 
Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 6251 – 78.0 %.
Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 2055 – 76.9%
Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1786 – 52.4%
Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2601 – 72.3%
Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 2010 – 71.6%
Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 3035–71.8 %
Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 8135 – 71,7 %
18:05 
ШҚО-да сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың жалпы санының 80 пайыздан астамы дауыс берді.
«Ауылдық округтер бойынша айтар болсақ, Семей өңіріндегі ауылдық округтерде келу көрсеткіші 86 пайыз, Абай ауданы бойынша – 88 пайыз, Аягөз ауданында – 78 пайыз, Бесқарағай ауданында – 91 пайыз, Бородулиха ауданында – 66,5 пайыз, Жарма ауданында 85 пайыз, Катонқарағай ауданында – 77 пайыз, Зайсан ауданында – 89 пайыз, Көкпекті ауданында – 75 пайыз, Күршім ауданында – 79 пайыз, Тарбағатай ауданында - 82 пайыз, Ұлан ауданында– 86 пайыз, Үржар ауданында – 79 пайыз және Шемонаиха ауданы бойынша – 70 пайыз. 
Жалпы, ауылдық округтердің тұрғындары сайлау процесінде белсенділік танытуда. Олар жерлестерін сайлауға қатысуға және жарқын болашаққа үлес қосуға шақыруда» делінген ШҚО ақпарат орталығы таратқан мәліметте.
17:56 
Бүгін Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылдық округіне жаңа әкім сайланады
Науқанды өткізу үшін елді мекенде 4 сайлау бөлімшесі жасақталған. Ақмол ауылы Ақмола облысына қарағанымен Елордадан қашық емес. Арасы Шамамен 30 шақырымдай.  
Целиноград ауданының орталығы саналады. 12 мыңнан астам тұрғыны бар. Оның 6 мыңдайы кәмелеттік жасқа толған, яғни дауыс беруге құқығы бар азаматтар. Дәл солар бүгін ауылды алдағы төрт жыл бойы басқаратын әкімді таңдайды. Тұрғындар үшін төрт сайлау учаскесі ұйымдастырылған. Барлығы таңғы сағат жетіде әнұранды шырқатып, ресми түрде ашылды. Іле шала алғашқы дауыс берушілер де келді. Әкім болуға үш үміткер тіркелген. Үшеуі де осы ауылдың тұрғыны.
17:35 
Сайлаушыларға жағдай жасалуда
Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан саяси науқанда денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын тұрғындарға да барлық жағдай жасалуда. 
Күні бұрын жолданған өтінімдерге сәйкес жасалған тізіммен сайлау комиссиясының мүшелері үйлерді аралап, учаскеге келе алмайтындардан дауыс жинауда. Айта кетейік, Ақжайық ауданы бойынша - 242, Бәйтерек ауданынан - 113, Жаңақаладан - 296, Қаратөбеден 135 адам үйден дауыс беруге жазылған.
17:15 СҚО-да сағат 16-00-ге дейін тіркелген сайлаушылардың 70,71 пайызы дауыс берді
Облыстың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, халықтың белсенділігі жоғары. Әсіресе Уәлиханов ауданында дауыс берушілердің 80 пайыздан астамы өз таңдауын жасаған. Ең азы Тайынша ауданында. Мұндағы жұрттың әзірге 53 пайызы ғана келген. Облыстық Сайлау комиссиясының төрағасы Тілеген Қаскиннің айтуынша 218 елді мекендегі 60 мыңнан астам адам дауыс беруі тиіс. 
17:10 ШҚО. С
«Партиялық емес байқау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жергілікті өкілдері әкімдер сайлауында заңбұзушылық тіркелмегенін айтып жатыр.
Бүгін ауыл әкімдерінің сайлауы өтіп жатыр. Барлық ауылда емес, тек әкімдердің өкілеттігі аяқталған ауылдарда ғана. Ал біз байқаушылардың жұмысын ұйымдастырдық. Байқаушыларды неғұрлым жергілікті тұрғындар арасынан тарттық. Олар бүгін байқаушы болғанымен, ертең сол ауылда қарапайым тұрғын ретінде өмір сүреді. Сондықтан сайлаудың бұрмалаусыз өтуіне мүдделі, - деп жазды Партиялық емес байқау орталығы ШҚО филиалының төрағасы Аяужан Әшімова
17:07 Қарағанды облысы бойынша мәлімет 
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63 % алды.
17:01 Қостанай облысы бойынша мәліметСайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 16:00-дегі мәлімет бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 77,0 %-ы бюллетен алды.
Олардың ішінде: Алтынсарин — 69,0 Амангелді — 73,3 Әулиекөл — 75,5 Денисов — 73,8 Жангелдин — 74,1 Жітіқара — 72,5 Қамысты — 72,3 Қарабалық — 73,9 Қарасу — 81,5  Қостанай — 75,1  Меңдіқара — 80,9 Науырзым — 73,1 Сарыкөл — 79,4  Б.Майлин ауданы — 70,5  Ұзынкөл — 78,3  Федоров — 82,9 Арқалық қ. — 74,2 Лисаков қ. — 87,0 Рудный қ. — 74,0
16:56 Қызылорда облысы бойынша мәлімет 
Қызылорда облысы бойынша 54 сайлау учаскесінде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 36 071, жергілікті уақыт сағат 15:00-ге келіп түскен ақпараттар бойынша келушілер саны 22 792 - 63,2% құрап отыр.
Арал ауданы бойынша 12 округте 19 учаске бойынша 8019 сайлаушы, оның ішінде келушілер саны 5405 – 67,4 % құрап отыр Қазалы ауданы бойынша 3 округте 2673 сайлаушы, келушілер саны 1811 – 67,8% Қармақшы ауданы бойынша 1 округте 2 учаске бойынша 3410 сайлаушы, келушілер саны 1264 – 37,1% Жалағаш ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 3596 келушілер саны 2347 – 65,3% Сырдария ауданы бойынша 3 округте 2808 сайлаушы, келушілер саны 1560 – 55,6% Шиелі ауданы бойынша 4 округте 5 учаске бойынша 4225 сайлаушы, келушілер саны 2740–64,9 % Жаңақорған ауданы бойынша 13 округте 17 учаске бойынша 11340 сайлаушы, келушілер саны 7665 – 67,6 %
16:52 
Түркістан облысында сайлаушылардың 64%-ы дауыс берді
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 16:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 64%-ы дауыс берді. Олардың жалпы саны - 168 605 адам.
Атап айтқанда, Арыс қаласында – 7 488 (72%), Кентау қаласында – 5 755 (68%), Бәйдібек ауданында – 2 562 (65%), Жетісай ауданында – 17 329 (64 %), Қазығұрт ауданында – 12 189 (61%), Келес ауданында – 20 498 (67%), Мақтаарал ауданында – 10 793 (64 %), Ордабасы ауданында – 4 705 (63%), Отырар ауданында – 8 350 (65%), Сайрам ауданында – 10 874 (67%), Сарыағаш ауданында – 33 609 (63%), Сауран ауданында – 6 160 (76%), Созақ ауданында – 10 070 (58%), Төлеби ауданында – 12 119 (55%), Түлкібас ауданында – 5 215 (60%), Шардара ауданында – 889 (70%) азамат дауыс беруге қатысты.
16:47 
Павлодар облысында ауыл әкімдерін сайлау қалай өтуде
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 16.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 64 % алды.
Павлодар қаласында:
Орлов ауылдық округі 84
16:40 Қызылорда облысы Арал ауданының Тоқабай ауылында «Сыр бойы», «Толқын» газеттерінің тұрақты авторы, ардагер ұстаз Үргенішбай Қуат дауыс беруге барып, шапан киіп қайтты.
16:36 
БҚО-да барлық сайлау учаскесі қауіпсіздік тұрғысынан тексерілді
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ернар Сұлтанғалиев мәлімдеді. 
Бүгінгі күні облыс бойынша қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға 121 полиция қызметкері жұмылдырылды. Түрлі құқық бұзушылықтарға, оның ішінде сайлау өткізу орындарында жедел ден қою үшін қосымша жедел-тергеу топтары құрылды. Олардың құрамына прокуратура қызметкерлері де кіреді. Бюллетендер әкелінгенге дейін барлық сайлау учаскелері қауіпсіздік тұрғысынан тексерілді. Полиция бюллетендерді сайлау орындарына жеткізу кезінде ілесіп жүруді қамтамасыз етті, - деді Ернар Сұлтанғалиев.
16:26 
Түркістан: Жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады
Түркістан облысы Шардара ауданында жуырда ғана отау құрған жас отбасы алғаш рет сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Жаушықұм ауылдық округінің тұрғындары Ержан Қожантай мен Әсел Айтбай сайлау науқанына немқұрайлы қарамай белсенділік танытуды азаматтық парызым деп біледі.
Бұл өзіміз тұрып жатқан ауылдың болашағы үшін аса маңызды науқан. Сондықтан жұбайымыз екеуміз азаматтық құқығымызды пайдаланып, өз таңдауымызды жасадық. Жергілікті тұрғындардың әл-ауқатының көтерілуі, жас кәсіпкерді қолдау сияқты маңызды мәселелер болашақ әкімдердің қолында. Сол үшін де іскер, білікті әкімді халықтың өзі сайлап алғаны өте орынды деп ойлаймын, – деді Қожантай.
16:00 
Қарағанды облысында сайлау белсенді өтіп жатыр
Қарағанды облысында бүгін 75 ауылдың әкімі сайланады. Ең көп ауыл әкімдері Нұра, Бұқар Жырау, Осакарова және Қарқаралы аудандарында сайланатын болады. Кандидаттар арасында белсенділік жоғары. Бір орынға 3-4 кандиттан келеді.
Облыстық сайлау комиссиясының мәліметтері бойынша сағат 14.00-дегі жағдай бойынша облыста тізімге енгізілген сайлаушылардың 48 пайызы дауыс берген. Халық арасында жоғары белсенділік Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров аудандарында байқалуда.
149 сайлау учаскесіндегі сайлау процесін 400-ге жуық бақылаушы бақылауда. Сайлау учаскелеріндегі қоғамдық бірлестіктер мен саяси партиялардың, сондай-ақ, кандидаттардың сенім білдірген бақылаушылары тарапынан ешқандай шағымдар мен өтініштер түскен жоқ, - дейді облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерқара Аймағамбетов.
15:45 Ақмола облысы бойынша ақпарат 
Зеренді ауданы Шағалалы ауылының №507 учаскесінде ауыл әкімдігіне үш үміткер тіркелген.
Сайлау учаскесіне тіркелген 24 адам денсаулығына байланысты үйлерінде дауыс береді. Сайлаушылар ағыны сағат оннан бастап көбейе бастады, - дейді сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Кәрімов.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов облыстағы сайлаушылардың жалпы саны 100 111 адам.
Бюллетень алған сайлаушылар саны –  8826. Көкшетау қаласында сайлаушылардың 3 пайызы, Степногорск қаласында-6 пайызы дауыс берді. - Қалған аудандарда дауыс бергендер саны 8-ден 20 пайызға дейін ауытқиды, - деді Манарбек Сәдуов.
Облыстың сайлау учаскелерінде 436 бақылаушы жұмыс істейді. 
15:30 Ақтөбе облысы бойынша мәлімет
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес сағат 13:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 52,75% алды. Олардың ішінде:
Әйтеке би - 56,70 % Алға - 50,79 % Байғанин - 41,50 % Ырғыз - 45,81 % Қарғалы - 74,67 % Мәртөк - 55,95 % Мұғалжар - 49,30 % Темір - 36,07 % Ойыл - 61,80 % Қобда - 54,50 % Хромтау - 51,66 % Шалқар - 76,29 %
15:24 
Түркістан облысында 150 мыңға жуық сайлаушы дауыс беріп үлгерді
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 56%-ы келген. Дауыс берушілердің жалпы саны - 148 526.
Атап айтқанда, Арыс қаласында – 6 404 (61%), Кентау қаласында – 5 135 (61%), Бәйдібек ауданында – 2 056 (52%), Жетісай ауданында – 16 328 (60%), Қазығұрт ауданында – 11 037 (55%), Келес ауданында – 16 861 (55%), Мақтаарал ауданында – 10 567 (63%), Ордабасы ауданында – 4 289 (58%), Отырар ауданында – 7 475 (58%), Сайрам ауданында – 9 750 (60%), Сарыағаш ауданы – 27 331 (51%), Сауран ауданында – 5 049 (62%), Созақ ауданында – 9 646 (55%), Төлеби ауданында – 11 175 (50%), Түлкібас ауданында – 4 637 (53%), Шардара ауданында – 786 (62%) сайлаушы дауыс берген.
15:20 ШҚО-да түске дейін ауыл әкімдерінің сайлауында тұрғындардың 50 пайызы дауыс берді
Шығыс Қазақстанда сайлау 194 елдімекенде өтуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, сағат 12:00-де сайлаушылардың келуі сайлаушылардың жалпы санының 50 пайызынан астамын құрап отыр. Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ерсайын Нәбиевтің айтуынша, сайлау тыныш өтіп жатыр, бұзушылықтар тіркелген жоқ. Қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері болмаған.
15:15 Қарағанды облысына қарасты 
Ынтымақ ауылында сайлаушылардың 62%-ы дауыс беріп үлгерді
Бұқар жырау ауданы, Ақтөбе селолық округіне қарасты Ынтымақ ауылында сайлау науқаны белсенді өтіп жатыр. Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 62 пайызы дауыс берген. 
Ынтымақта 141 сайлаушы бар. Бүгін олар өз ауылдарының әкімін тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болып отыр.
Бұқар жырау ауданы, Ақтөбе селолық округі, Ынтымақ селосындағы №535 сайлау учаскесі таңғы сағат 7:00-ден бастап жұмыс істеп тұр. Жалпы Ынтымақ ауылында барлығы 141 сайлаушы бар. Олардың 62 пайызы өз таңдауларын жасады.  Сайлау учаскесі кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді, - дейді сайлау учаскесінің төрайымы Назым Майкубенова. 
15:09 Атырауда сайлаушылардың 50 пайызы дауыс беріп үлгерді 
Атырау обылысында 52 кандидаттың 24-і саяси партиялардың атынан тіркелген. Ал 28-і өзін-өзі ұсынғандар.18 округтегі сайлаушылардың жалпы саны 44 мыңнан асады. Оның 50 пайызға жуығы өзі түске дейін дауыс беріп үлгерген.  
Ауылда  2 мыңға  жуық сайлаушы бар. Ал денсаулық жағдайына байланысты келе алмайтын 38 тұрғын үйден дауыс береді.
Қалаға қарасты тағы бір әкім сайлауы өтетін ауылдың бірі Қайыршақты. 3 мыңға жуық сайлаушысы бар бұл округте 2 кандидат тіркелген. 
Атырау облысы Индер ауданы бойынша Жарсуат және Көктоғай ауылдық округтерінде 3252 сайлаушы тіркелген.
Атырау облысында ауыл әкіміне үміткерлердің көпшілігі мұғалімдер мен бюджеттік сала қызметкерлері. Кандидаттардың 19-ы әйел болса, қалған 71 пайызы ер адам. 
14:53 БҚО. 
Казталов ауданының Жаңажол ауылдық округінің № 255 Əбіш, № 256 Көмекші сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділгі жоғары болып тұр.
Сайлау учаскелері комиссиясының берген мəліметіне сүйенсек, қос сайлау учаскесінде сағат 11:00-де 90 пайызға жуық сайлаушы таңдауын жасап, дауыс беруге келген. Сайлау учаскелерінде барлық санитарлық нормалар сақталған. 
Мен бүгін сайлау учаскесіне келіп, таңдауымды жасадым. Округ əкімін сайлауды ауыл тұрғындарының құзырына бергені дұрыс деп есептеймін. Барша ауылдастарды сайлауға шақырамын, - деді Көмекші ауылының тұрғыны Талайгүл Науанова.
14:50 БҚО: 
Ақжайықтықтар өз таңдауын жасауда
Бүгін Ақжайық ауданының Сарытоғай, Бударин, Тайпақ ауылдық округтерінде әкімдердің сайлауы өтуде. Саяси додаға аудан бойынша 3 партиядан 8 және өзін-өзі ұсынған 1 үміткер қатысты.
Сағат 10.30-дағы ақпарат бойынша Бударин ауылдық округіндегі 3 сайлау учаскесінде дауыс беруі тиіс 969 адамның 288-і келген. Ал Сарытоғай ауылдық округінде Жанама және Сарман сайлау учаскелерінде 140 дауыс беруші өз таңдауын жасап үлгерді, бұл жалпы тұрғындардың 29,72 пайызы. 

Related Keywords

Kokpekti ,Shyghys Qazaqstan ,Kazakhstan ,United Kingdom ,Zhalagash ,Qyzylorda ,Aktobe ,Aqtökz ,Urzhar ,Mangistau ,Mangghystau ,Beyneu ,Syrdarya ,Kazakhstan General ,Akmola ,Gorod Astana ,Astana ,East Kazakhstan ,Sairam ,Ongtüqazaqstan ,Karagandy ,Zhanakorgan ,Taldykorgan ,Almaty ,Kyzylorda ,Great Britain , ,Region Upon Commission ,Office Or ,District Center ,Election Commission ,June District ,Region District ,Board Chairman Omar ,Karagandy Region ,Commission Chairman ,Rural Areas ,Mangistau Region ,Beyneu District ,Mangistau District ,Urzhar District ,Altai District ,District Mayor ,Kokpekti District ,Shemonaiha District ,Turkestan Great Britain ,Sairam District ,The Evening ,Rural Areas District Mayor ,The North Kazakhstan Region ,The North Kazakhstan ,Kyzylorda Great Britain ,Island District ,English District ,Goal District ,Zhalagash District ,Syrdarya District ,Cherry District ,Zhanakorgan District ,Kyzylorda Region ,Constitutional Act ,Karagandy Great Britain ,Aktobe Region ,Election Commission Chairman Gulnara ,Election Commission Chairman ,Akmola Great Britain ,The Region ,The Morning ,Turkestan Great Britain Sairam District Silk ,Districti Kent ,Login District ,Kostanaiskaya Region District ,Kazakhstan Great Britain ,The Population ,காஸக்ஸ்டாந் ,ஒன்றுபட்டது கிஂக்டம் ,கோறொத் ஆஸ்தான ,ஆஸ்தான ,கிழக்கு காஸக்ஸ்டாந் ,சாய்ரம் ,நன்று பிரிட்டன் ,அலுவலகம் அல்லது ,மாவட்டம் மையம் ,தேர்தல் தரகு ,ஜூன் மாவட்டம் ,பகுதி மாவட்டம் ,தரகு தலைவர் ,கிராமப்புற பகுதிகள் ,அல்தை மாவட்டம் ,மாவட்டம் மேயர் ,தி சாயங்காலம் ,தீவு மாவட்டம் ,ஆங்கிலம் மாவட்டம் ,செர்ரி மாவட்டம் ,அரசியலமைப்பு நாடகம் ,தேர்தல் தரகு தலைவர் ,தி பகுதி ,தி காலை ,தி பாப்யுலேஶந் ,

© 2025 Vimarsana

comparemela.com © 2020. All Rights Reserved.