comparemela.com


Бүгін – Ұлттық домбыра күні
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – Ұлттық домбыра күні. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспбының күні ретіне тойланып келеді. 
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген Қадыр Мырза Әлінің сөзін ұран еткен халқымыздың көңіл төрінде домбыраның орны ерекше. Себебі басынан небір қилы заман өтсе де, жаугершілікті бастан өткеріп, бодандық қамытын кисе де төл аспабы қолынан түспеді. Одан тараған қоңыр үн жадында тарих боп қатталып, шежіре боп шертілді. 
Ел аузындағы аңыз бойынша әйгілі Шыңғыс ханға Жошының өлімін жеткізген де домбыра еді. Ал зерттеушілердің айтуынша, домбыра туралы алғашқы ғылыми деректер әл Фарабидің жазбаларында «тамбур» деген атпен кездеседі. 
Домбыра жер бетінде кеңінен тараған шертпелі аспаптардың қатарына кіреді. Өнертанушылар мен тарихшылар мұндай аспаптар ғылымда Х ғасырдан бастап белгілі деп тұжырымдайды. Алайда 2010 жылы елдегі БАҚ тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан басталатын «ата домбыра» табылғанын айтып сүйінші сұраған болатын. 1500 жыл бұрын қоданыста болған делінетін көне аспап Алтай тауының Моңғолия жағындағы Үңгіртас деген үңірден табылған. Әуелі малшының қолына түскен аспап, кейін археологтардың қызығушылығын оятып, 2008 жылы мемлекет қамқорлығына алынады. Бұл ғылыми жаңалыққа қазақ ғалымдарының арасынан танымал түрколог, филология ғылымдарының докторы Қаржаубай Сартқожаұлы назар аударып, аспаптың домбыраның арғы «атасы» екенін дәлелдеп шығады. Осылайша шертпе аспаптардың тарихы біздің заманымыздың V ғасырынан бастау алатыны белгілі болды. Бірнеше айларға созылған келіссөздерден кейін ғана Моңғолия тарапы домбыраның көшірмесін алуға рұқсат беріп, кейін сол көшірме негізінде жасалған көне домбыраның нұсқасы музейге қойылды. 
Ұлттық домбыра күні мереке ретінде аталып өте бастағанын 5 жыл толмаса да, халық санасына тез сіңіп, ең бір айтулы күнге айналып шыға келді. Қазақ даласының әр түкпірінде қасиетті аспапқа арналған ескеркіштер мүсіндер бой көтеріп үлгерді. Әзірге солардың ішінде ең шоқтығы биігі – Тараздағы 7,5 метрлік «Домбыра» ескерткіші. 
Кеше ғана Ұлттық домбыра күніне орай елордада әйгілі күйші, халық композиторы, Қазақстанның халық әртісі Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды. 
Домбыраны мектепке пән ретінде енгізу ұсыныстары ең биік мінберлерден айтылып жүр. 
2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күніне арналған шарада сөз сөйлеп, осындай идея айтқан болатын. 
Бұл рухани жаңғыру жолының негізгі арқауы. Бүгінде ұлттық аспабымыз күллі әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналды. Бұл қазақтың қасиетті қара домбырасына берілген әділ баға. «Өнер ұлт келбеті» дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы қайталанбас асыл дүние. Сондықтан мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз керек, – деген еді Мемлекет басшысы. 
2014 жылы қазақтың күй өнері мен киіз үй ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұраларының тізіміне кірген. Осылайша домбыра шанағынан шыққан қазақ күйлері ЮНЕСКО-ның да қамқорлығына өткен.

Related Keywords

Kazakhstan ,Mongolia ,Taraz ,Zhambyl ,Genghis Khan ,Senate Met National ,I School ,Instruments School ,Pupil Land ,Garden History ,Common Era ,Altai Mongolia ,Philology Science ,Common Era Start ,Kazakh Land ,Dina Monument ,President Senate Met National ,Head Of States ,Kazakh States ,காஸக்ஸ்டாந் ,மங்கோலியா ,கெஂக்‌ஹிஸ் காந் ,நான் பள்ளி ,தோட்டம் வரலாறு ,பொதுவானது சகாப்தம் ,க்யாஸ்யாக் நில ,தலை ஆஃப் மாநிலங்களில் ,

© 2024 Vimarsana

comparemela.com © 2020. All Rights Reserved.